Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды – Тоқаев

Автор: Бақыт Шынар

Президент бұл мәселені сынады

Фото: istockphoto.com; Global Risk Report

Бүгін Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңында қару қолдануға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін президент Тоқаев мүдделі елдерді Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырған еді.