22.04.2026, 15:40
Оқиғалар
Павлодарда әлі салынып бітпеген көпірден үшінші рет өрт шықты
Бұл жолы тағы бір адам жараланған
Фото: irbistv.kz
Павлодарда әлі салынып бітпеген көпірден осымен үшінші рет өрт шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті irbistv.kz сайтының мәліметінше, бұл жолы да өрттен бір адам жараланған. Ал, қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт көп жерге жайылмай, 160 шаршы метр жерді қамтығанын хабарлап отыр. Өрт сөндірушілер 30 метр биіктіктегі жалынды тез ауыздықтап, ірі өрттің алдын алған.
Айта кетейік, бұл көпір 2025 жылдың 31 қаңтары күні бір рет, одан кейін 2026 жылдың 1 ақпанында екінші рет, енді міне, 22 сәуір күні үшінші рет өртеніп отыр. Ақпан айындағы өрт кезінде 2005 жылы туғаны бір жұмысшы газдан уланып, ауруханаға түскен еді.
Бұл жолы зардап шеккен адамның қандай жағдайда екені хабарланған жоқ.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды