Тоқаев мүдделі елдерді Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды

Бұған дейін президент Арал теңізінің мәселесін де қозғаған еді

Тоқаев мүдделі елдерді Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды
Фото: istockphoto.com

Бүгін Астана өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тағдырына алаңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы ретте ол Каспий теңізін сақтау үшін мүдделі тараптарды бірігуге шақырды.

«Сонымен қатар еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды. Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді», - деді Тоқаев бүгінгі Саммитте.

Бүгін президент сондай-ақ Арал теңізінің тағдыры туралы сөз қозғаған.