18.07.2020, 01:05
Оқиғалар
Атырауда көлік жөндеу орталығы өртеніп, 8 автокөлік жанып кетті
Өртенген автокөліктердің маркасы әзірге белгісіз
Атырауда автокөлік жөндеу орталығында өрт шығып, сегіз бірдей көлік жанып кетті деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 шілде күні кешкі сағат 19:21-де Тайманов көшесінде аумағы 250 шаршы метр болатын көлік жөндеу орталығында өрт шығып, ғимарат ішіндегі автокөліктермен бірге жанып кеткен.
«Ғимарат ішінде болған 8 автокөлік түгі қалмай өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер 20:00-де жалынды ауыздықтап, 20:41-де толық сөндірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген ТЖД таратқан ақпаратта.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды