Екібастұзда бір топ мас адам таңғы алтыда дәрігер мен медбикені аяусыз ұрып кеткен (ВИДЕО)
Полиция оларды қолға түсірді
Екібастұз қалалық травматологиялық пунктіне келген мас адамдар дәрігер мен медбикені аяусыз ұрып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, оқиға 12 сәуір күні таңертең болған. Таңертең ерте травматологиялық пунктіге екі мас адам жараланған бір ер адамды алып келген. олар әуел баста-ақ дәрігерлердің жұмысына агрессия танытып, дәрігердің қандай да бір ескертпесіне сотқарлық танытып отырған. Дәрігер далаға шығыңдар дегенде олар оған шап берген.
«Олар дәрігерді жабылып ұра бастаған. Оған араша түспек болған медбике де жарақат алды. Қазір екеуі де ауруханада жатыр. Оқиға орнына дереу келген полиция үш күдіктіні де қолға түсірді», - деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.
Екі мас адамның изоляторға қамалғаны, ал әуел баста жарақат алып келген жігіт күзетпен ауруханаға қамалғаны белгілі болып отыр.
Айта кетейік, 2026 жылдың наурызында Қазақстанда Қылмыстық кодекске енген түзетулер күшіне еніп, енді дәрігерлерге қол көтергендер жарақаттың дәрежесіне байланысты 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.