Шымкентте бетперде киген арнайы күзет жұмыста отырған екі әйелді ұстап алды (ВИДЕО)
Олар заңсыз көші-қон ұйымдастырған деген күдікке ілінген
Шымкент қаласында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, прокуратура мен құқық қорғау органдарына бұл туралы жедел ақпарат келіп түскен. Видеодадан көріп отырғанымыздай, бетперде киген арнайы жасақ көші-қон қызметіндегі екі әйелді жұмыс орнында ұста,ан.
«Анықталғандай, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан. Операция барысында 28 тінту өтті. Сол тінту барысында шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды», - деп хабарлайды полиция.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияның қолына түскен.