$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2019, 22:32
Оқиғалар

Ақмола облысында басқарма басшысы қамауға алынды

Шенеунік кәсіпкерден бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген

Ақмола облысында басқарма басшысы қамауға алынды

Ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған Ақмола облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының экс-басшысы Көкшетау қалалық тергеу сотының санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Шенеунікті 2 ай қамауда ұстауға қатысты санкция қолданылды. Соттың мұндай шешім шығаруына екі жағдай себеп болды. Біріншіден, күдікті бостандыққа жүрсе, тергеуден бой тасалауы мүмкін. Екіншіден, тергеу шараларына кедергі келтіруі, іс бойынша куәгерлердің айғақтарды жариялауына ықпал етуі мүмкін», – дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, Ақмола облысының Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ірі көлемде пара алды деген күдікпен Ақмола облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының экс-басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алған болатын. Шенеунік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қалпына келтіріліп жатқан Ақмола облыстық өлкетану мұржайына және М.Ғабдуллин атындағы мұражайға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы актіге қол қойғаны үшін кәсіпкерден бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары