«Семей орманындағы» трагедия: Бектенов Абай облысында орман өртін ерте анықтайтын жүйемен танысты

Үш жыл бұрын «Семей орманындағы» өрттен 14 адам қаза тапқан еді

«Семей орманындағы» трагедия: Бектенов Абай облысында орман өртін ерте анықтайтын жүйемен танысты
Фото: үкімет

 Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысынадағы жұмыс сапары кезінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, резерват аумағында орман және дала өрттерін ерте анықтауға арналған, ЖИ негізінде жұмыс істейтін жүйені сыналып жатыр. Бұл технология өрт ошақтарын алыс қашықтықтан және кез-келген ауа райы жағдайында анықтауға мүмкіндік береді.

«Премьер-министр Олжас Бектенов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және Абай облысының әкімі Берік Уәли өртке қарсы оқу-жаттығуды көрген. Резерват мамандары өрт сөндірушілермен бірлесіп, цифрлық технологиялардың тиімділігін және өрт сөндіру қызметінің өзара әрекеттесу алгоритмін көрсетті», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жазда Семей орманында алапат өрт орын алып, 14 қызметкер қаза тапқан болатын.