Бурабай көлінің еріп жатқанын елемеген балықшы суға кете жаздады – оның өмірін екі бала аман алып қалған (ВИДЕО)
1966 жылы туған азаматтың жағдайы қазір тұрақты
Ақмола облысының Бурабай ауданында балық аулауға шыққан ер адам мұз астына түсіп кете жаздады. Оқиға Үлкен Забой су айдынында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, азаматты екі бала құтқарып қалған.
«1966 жылы туған азамат мұздың еріп жатқанын көрсе де, балық аулағысы келген. Салдарынан мұз ойылып, суға құлаған. Алғашында мұздан өзі шыққанымен, көп ұзамай қайтадан суға кеткен. Сол маңда жүрген Кирилл мен Даниил есімді жасөспірімдер дереу 112-ге хабарласып, диспетчердің нұсқауын орындаған. Олар ер адамға ұзын ағаш лақтырып, су астына түсіп кетпеуге жәрдем берген», - деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар келгенше кезекші Мирас Мүбәракұлы жасөспірімдердің әрекетін бейнебайланыс арқылы үйлестіріп, оларға суға түспеуді ескерткен.
Оқиға орнына алғаш болып Щучинск қаласынан жеткен құтқарушылар ер адамды шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Оның денесі қатты мұздап қалғандықтан қазір ер адам ауруханада жатыр. Ал, қазір жасөспірімдерді марапатқа ұсыну мәселесі қаралып жатыр.