07.04.2026, 16:30
Оқиғалар
Таразда атқа мініп, шауып келе жатқан 7 жастағы бала көлікке соғылып қалды (ВИДЕО)
Жануар оқиға орнында мерт болды, балаға шұғыл түрде ота жасалды
Фото: скриншот
Таразда жылқы мінген жеті жастағы бала көлікке соғылып, арты ауыр салдарға әкелді. Оқиға қала қиылыстарының бірінде болған. Үркіп кеткен жылқы тізгінге көнбей, артқы жағынан жеңіл көлікке соғылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соққының қатты болғаны сонша, жануар оқиға орнында мерт болды. Ал бала бірнеше метрге ұшып түсіп, ауруханаға түскен.
Дәрігерлер оған шұғыл ота жасап, иық сүйегі сынғанын анықтаған.
Оқиғаға қатысты полиция ата-ананың да жауапкершілігін қарастырады. Себебі бала ересектердің тиісті бақылауынсыз жүрген.
«Осы оқиғаға байланысты баланың ата-анасына қатысты әкімшілік шара қолданылды», - деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің өкілі.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар