06.04.2026, 16:40
Оқиғалар
Ақсуда газ баллоны жарылып, үш адам ауруханаға түсті
Зардап шеккендердің екеуі әйел, біреуі ер адам
Фото: iStockphoto
Ақсу қаласындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, арты өртке ұласты. Жарақат алған үш адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Irbistv мәлім еткендей, Жамбыл көшесінде орналасқан жеке үйде сыйымдылығы 10 литрлік газ баллоны жарылған. Дәлізде шыққан өрт кейін үйдің ағаш шатырын шарпыған.
Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіруге 9 маман мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. 1970 және 1972 жылғы екі әйел түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алып, Ақсу қалалық ауруханасына түскен, 32 жастағы ер адамның қолы тілінген.
Оқиға орнына жедел жәрдемнің үш бригадасы жіберілген.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар