Бас прокуратура Қазақстанның бюджетіне 1 млрд теңге салық төлемей, қашып кеткен адамды ақыры қолға түсірді (ВИДЕО)

Ол Ресей елінде бой тасалап жүрген

Бас прокуратура Қазақстанның бюджетіне 1 млрд теңге салық төлемей, қашып кеткен адамды ақыры қолға түсірді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Ресейде бой тасалап жүрген Қазақстан азаматын қолға түсіріп, елге экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Қазақстан бюджетіне 1 млрд теңге салық төлемеген. Күдіктіні ұстау үшін Интерпол Ұлттық орталық бюросы және Қазақстанның Ресейдегі елшілігі де көмек берген.

«Күдікті азамат трансұлттық қылмыстық топтың құрамына ене отырып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналасқан. Яғни, күдікті 2023 жылы Ресей Федерациясының аумағына шығарып сату мақсатында, Қазақстан аумағы бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Соның салдарынан Қазақстан бюджетіне 1 миллиард теңге салық түспеген», - деп хабарлайды Бас прокуратурасы.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Ол Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазақстанға келгеннен кейін ол бірден изоляторға қамалды», - деп хабарлайды Бас прокуратурасы.