Грузия азаматы Түркияда жүрген Қазақстан азаматын атып өлтірген – СІМ ресми мәлімдеме жасады

Оқиға 31 наурыз күні түсте болған

Грузия азаматы Түркияда жүрген Қазақстан азаматын атып өлтірген – СІМ ресми мәлімдеме жасады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Бірнеше күн бұрын Ыстамбұл қаласында Қазақстан азаматы оққа ұшып, жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл оқиға туралы ауқымды материал жазған Haberler.com сайтының мәліметіне сүйенсек, 31 наурыз күні сағат 16.30 шамасында Ыстамбұлдағы Зейнеп Камиль көшесінде белгісіз ер адам Қазақстан азаматының жанына келіп, оның басына оқ атқан. Алдын ала болжам бойынша курьер қызметін атқарып жүрген жігіт сол жерде жан тапсырған.

Қылмыс болған сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Түркия полициясы арада бір тәулік өте келе күдіктіні шекарада қолға түсірген. Ол Түркияда қашып кетпек болған. Оның сыбайласы ретінде тағы бір азамат қолға түсті. Түркия полициясы екі күдіктінің де Грузия азаматтары екенін растаған.

Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты мынандай комментарий берді:

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылы 31 наурыз күні Ыстамбұлдың Фатих ауданында қаза тапқан Қазақстан азаматының өлімі жайлы хабардар. Қазір Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр.