$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2020, 12:31
Оқиғалар

Ақтаулық арыстан Алматы зообағына жеткізіледі

Жыртқыш 20 күн бұрын Маңғыстау облысынан табылған

Ақтаулық арыстан Алматы зообағына жеткізіледі

Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Алматы хайуанаттар бағының ветеринарларымен бірлесіп Ақтау қаласының әуежайына барды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Симба» лақап атын иеленген Арыстан бүгін Алматы қаласына жеткізіледі. Оның жағдайы жақсы. Арнайы жәшікке орналастырылды», - делінген хабарламада.

Арыстанды тасымалдау «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК жабайы жануарларды көшіру орталығының күшімен жүзеге асырылады. Орталық қызметкерлері аңға арналған ыңғайлы жәшік жасаған.

Еске салсақ, арыстан Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылынан табылған еді. Жыртқыш бір жарым жаста. Адамдардан қорықпайды. Соған қарағанда, ол қолда өскен болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары