Жамбыл облысында енесін ұрып тастаған ер адам сот алдында жауап берді
Үкім заңды күшіне енді
Жамбыл аудандық сотында қайын енесіне қол көтерген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотталушы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды.
Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылдың ақпанында болған. Сотталушының бұрынғы жұбайы анасымен бірге жеке заттарын алу үшін үйге келген. Сол сәтте ер адам мен оның қайын енесінің арасында жанжал туындап, салдарынан жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жазаны жеңілдетуді өтінген. Алайда енесі күйеу баласын кешірмейтінін айтып, оны заң шеңберінде қатаң жазалауды талап етті.
Сот үкімімен айыпталушыға 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы кесілді. Сонымен қатар, сотталған азаматқа жәбірленушіні іздеуге, қудалауға, онымен кездесуге немесе кез келген байланыс орнатуға ресми түрде тыйым салынды.