15.07.2020, 22:28
Оқиғалар
Теміртауда 10 жасар қыз бен оны құтқармақ болған екі адам суға батып кетті
Тұншығып қалған 8 жасар қыз құтқарылды
Қайғылы оқиға 15 шілде күні күндізгі үштер шамасында болған деп хабарланды Instagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy парақшасында.
«10 және 8 жасар екі қыз шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, тұншыққан. Мұны көрген туыстары – 2002 жылғы бойжеткен мен 1996 жылғы жігіт дереу суға түсіп, қыздарды құтқармақ болыпты. Олар 8 жасар қызды жағаға алып шыққанымен, екінші қызды құтқарамыз деп өздері де батып кетті», - деді Қарағанды облысы бойынша ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.
Қайтыс болған үш адамның да денесін куәгерлер мен құтқарушылар жағаға алып шықты.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы