Павлодар тұрғыны әйелімен ажырасудан «қорқып», оны романтикалық кездесуге шақырған – артынан қайықтан құлатып өлтірген
Сот оны 15 жылға соттады
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты пайдакүнемдік ниетпен әйелін өлтірген ер адамды 15 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот бұл қылмыстың қалай болғаныны туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген.
Сот деректеріне сүйенсек, сотталып отырған ер адамның әйелі өте ауқатты кәсіпкер болған. Оның жеке меншігінде құны 125 миллиондық коммерциялық кәсіпорны болған. Ерлі-зайыпты ажырасса да бұл нысан ортақ мүлікке жатпайтын болғандықтан, бөлінбейтін еді. Осы мәселе екеуара ұзақ жанжалдың негізі болған.
«Әйел күйеуімен ажырасу туралы шешім қабылдаған. Бұны білген ер адам ажырасса мүлік пен ақшадан қағылатынын түсініп, арам ойын жүзеге асырмақ болады. Сондықтан, 2024 жылдың тамызында ер адам әйелін алып, Ертістегі су арнасымен Ақсу қаласына қарай бет алған. Өзенде келе жатқанда әйел қайықтың шетіне қарай отырған. Күйеуі қайықты әдейі тербетіп, әйелін суға құлатып жіберген. Ары қарай оны басынан басып, суға тұншықтырған. Осылайша, әйелі абайсызда суға батып өлді деген қойылым ойлап тапқан», - деп хабарлайды сот.
Сотта прокурор ер адамды тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал, әйелдің туыстары болса ер адамды өмір бойына соттауды сұраған. Сот іс матерталдарын зерттей келе ер адамның әріптестері жақсы мінездеме бергендіктен, оны 15 жылға соттаған.