15.07.2020, 01:03
Оқиғалар
Қарағандыда жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды
Оның құрсағындағы сәбиін аман алу қалу мүмкін болмады
Қарағандыда коронавирустан қайтыс болғандар қатарында 33 жастағы жүкті әйел бар. Ол жансақтау бөлімінде 10 күн жатып бақилық болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм жүктіліктің 22-ші аптасында КВИ жұқтырғанын білген. Оны дереу емдом қабылдауға ауруханаға жібергенімен, дерті асқына беріпті. Дәрігерлер әйелдің дәрі-дәрмектен тапшылық көрмегенін айтады. Алайда, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оның құрсағындағы сәбиі де дүниеге келместен шетінеп кетті.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 61 мың адамнан асты. Соңғы тәулікте 1856 адамнан вирус анықталған.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды