Шалқар қаласында жасөспірімдер жаппай төбелесіп, бір бозбала көз жұмды

Оны пышақтап кеткен

Шалқар қаласында жасөспірімдер жаппай төбелесіп, бір бозбала көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында жасөспірімдер жаппай төбелесіп, 17 жастағы бозбала мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазонға» сілтеме жасай отырып. 

17 жастағы жасөспірім былтыр ғана мектеп бітірген. Жуырда әскерге аттанады деп жүрген бала төбелес кезінде жараналып, қаза тапқан.

«Әлиханның өлгеніне әлі сене алмаймыз. Ол өте көңілді, жан-жағымен тез тіл табысатын бала еді. Тіпті, науқас әжесін де өзі бағып отырған. Бойы ұзын, сымбатты жігіт жуырда әскерге бармақ еді», - дейді журналистерге марқұм баланың туысы.

Ал, Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, төбелеске қатысқан жастардың жеке бастары анықталған. 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қолға түскен балалардың бәрі де 17 жаста екен.

Айта кетейік, бүгін ғана біз Ішкі істер министрлігінің балалар арасындағы төбелес туралы деректі драмасы туралы жазған едік.