15.03.2026, 12:49
Оқиғалар
Қаскелеңдегі моншада ер адам 13 жастағы ұлды ұрып тастаған
Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарап кеткен
Фото: скрин
Қаскелеңдегі көпшілікке арналған моншалардың бірінде 27 жастағы жігіт жасөспірімді ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға монша ғимаратындағы тамақтану орнында болған. Ер адамның әрекеті камераға түсіп қалған. 13 жастағы баланың анасы бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратқан.
Полицияның мәліме еткендей, бұл жағдай 9 наурызда Қарасай ауданындағы моншада болған.
«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 109–1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар өткізілуде. Оқиға ерекше бақылауға алынған», - деді Алматы облысының ПД өкілі.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды