$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда үш көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың себебін анықтап жатыр

Алматыда үш көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

15 наурызға қараған түні Алматының Саин даңғылында, Абай көшесіндегі жолайрықтан төменірек жерде ірі жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан үш жеңіл көлік соқтығысып, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Куәгерлердің айтуынша, Саин даңғылымен солтүстік бағытта екі Toyota Camry және олардың оң жағында Hongqi E-QM5 көлігі қатар келе жатқан. 

Оқиға былай өрбіген:

Сол жақтағы жолақта келе жатқан Camry-дің бірі күрт оңға қарай бұрылып, қатар келе жатқан екінші Camry-мен соқтығысқан.

Соққыдан кейін екі көлік те негізгі жолдан Абай көшесіне шығатын тұсқа қарай ұшып кетіп, сол жерде келе жатқан Hongqi маркалы көлікті соққан. Ол жол жиегінен асып түсіп, бағанаға соғылған.

Toyota Camry көліктерінің біріндегі жолаушы түрлі жарақат алса, Hongqi көлігінің жүргізушісі өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оны мыжылып қалған көліктен полиция қызметкерлері мен куәгерлер бірлесіп алып шыққан.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың себебін анықтап жатыр.