$ 491.59  572.16  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Панфилов ауданында көлге кеткен адамды құтқарамын деген майор қаза тапты

Дамир Таранов он жылдан бері өртке қарсы қызмет органдарында жұмыс істеген 

Панфилов ауданында көлге кеткен адамды құтқарамын деген майор қаза тапты
Фото: @112jetisu

Жетісу облысында ТЖД қызметкері көлге кеткен адамды құтқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округіндегі Алтынкөл көлінде балық аулау кезінде мұз жарылып, салдарынан бір адам мұз кесегімен бірге көлдің ортасына қарай ағып кеткен.

Оқиға орнына Жетісу облысының ТЖД күштері мен құралдары, Жаркент қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Талдықорған қаласының жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің және Алматы облысы ТЖД құтқарушылары жіберілген.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында мұз қайтадан жарылып, соның салдарынан Панфилов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов қаза тапты.

Дамир Таранов азаматтық қорғау жүйесіндегі еңбек жолын 2012 жылы Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу арқылы бастады. 2016 жылдан бастап өртке қарсы қызмет органдарында қызмет атқарып, Панфилов ауданы мен Қапшағай қаласының өрт сөндіру бөлімдерінде жауапты лауазымдарда еңбек етті.

Соңғы жылдары Жетісу облысы Панфилов ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқарып, өзін тәжірибелі маман әрі сауатты басшы ретінде көрсетті, әріптестерінің құрметіне ие болды. Ол соңына дейін антына адал болып, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында қызметтік борышын атқарып кетті.