$ 491.59  572.16  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте алты жасар бала бір магнит, болт пен бұранданы жұтып қойған

Дәрігерлер балаға шұғыл ота жасап, қауіпті заттарды алып тастады

Шымкентте алты жасар бала бір магнит, болт пен бұранданы жұтып қойған
Фото: instagram / denbolasar

Шымкенттің қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері алты жасар баланың ішегінен бір магнит, болт пен бұранда алып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Дәрігерлердің айтуынша, бала бірнеше күн бойы іші ауырғанын айтқан. Ата-анасы әуел баста аса мән бермегенімен, кейін баланың жағдайы қиындаған соң жедел жәрдем шақырып, ауруханаға әкелген.

Дәрігерлер рентген арқылы ұлдың ішегінде бөтен заттар бар екенін анықтап, бірден ауруханаға жатқызған.

«Бала хирургия бөліміне түсті, дәрігерлер оған шұғыл түрде операция жасап, ішегіне түйіліп қалған үш бөтен затты алып шықты. Бала әлі ауруханада, жағдайы тұрақты», - деп хабарлайды дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Шымкентте 8 жасар баланың асқазанына шаш ұйысып қалып, дәрігерлер оған да шұғыл түрде операция жасаған еді. 

Мақалада

#Шымкент #дәрігер