$ 491.59  572.16  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«ҚазАвтоЖол» 7 көліктің апатына байланысты мәлімдеме жасады

Боранды күнгі жол апатынан бір адам қаза тапты 

«ҚазАвтоЖол» 7 көліктің апатына байланысты мәлімдеме жасады
Фото: скрин

«Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық автожолында 7 көліктің соқтығысуына байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания мәлім еткендей, оқиға болған уақытта аталған жол учаскесінде қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты қозғалысқа бірқатар шектеу енгізілген болатын.

«Атап айтқанда, сағат 08:30-да Қарағанды облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасынан жолдағы рұқсат етілген жылдамдықты уақытша 110 км/сағаттан 80 км/сағатқа дейін төмендету туралы нұсқама түскен. Бұл шектеу сағат 09:00-ден бастап күшіне енді. Сонымен қатар, Ақмола облысы аумағында ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда қардың ұйытқып жаууы, боран, екпінді жел және көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты сағат 09:00-ден бастап аталған жол учаскесінде барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Ал Қарағанды облысы аумағында ауа райының нашарлауы шамамен сағат 10:00 шамасында байқала бастады», - делінген хабарламада.

Апат болған уақытта жол учаскесінде бұған дейін тіркелген жол-көлік оқиғасының орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЖПУ-89 жол пайдалану учаскесінің патрульдік техникасы кезекшілікте тұрған.

«Қазіргі уақытта аталған жол бөлігінде жолды күтіп-ұстау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЖПУ-89 мекемесінің 11 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылған. Оның ішінде 7 бірлік кешенді жол машинасы, 2 бірлік жол жөндеу қызметінің техникасы, 1 жүк тиегіш және 1 МТЗ тракторы бар. Жол қызметтері жол-көлік оқиғасының салдарын жою, сондай-ақ жол бойында қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деді «ҚазАвтоЖол» мәлімдемесінде.

Еске салсақ, бүгін «Астана-Қарағанды» тас жолында ірі апат болып, бір адам көз жұмды.