$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шыңғыс Әрінов Щучьедегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын білді

Министр ауруханадағы адамдарға тиісті күтім жасауды тапсырған

Шыңғыс Әрінов Щучьедегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын білді
Фото: ТЖМ

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Щучьедегі дәмхана жарылысынан зардап шеккендердің жағдайын білді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін министр оқиға орнына барып, ведомствоаралық комиссия құрған болатын.

«Щучье қаласындағы жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов оқиға орнына барып, төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысымен танысты. Жедел және шұғыл қызметтердің басшыларының баяндамаларын тыңдады. Министр өрттен зардап шеккен азаматтар емделіп жатқан Бурабай ауданының ауруханасына барды. Әрінов дәрігерлермен сөйлесіп,  олардың жағдайымен танысты», - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Министр жауапты тұлғаларға зардап шеккендерді сапалы емдеп, тиісті күтім және жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ олардың отбасыларына қажетті психологиялық көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.