Атырауда бұрынғы қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Индонезияда қалай қолға түскен (ВИДЕО)
Ішкі істер министрлігі оның ұсталған сәтінен видео таратқан
Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыс – Атыраудағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен олардың күйеу балалары Индонезияда қолға түскен болатын. Бүгін Қазақстанның ішкі істер министрлігі күдікті мен әйелінің қалай ұсталғанын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігі бұған дейін бұл ер адам мен оның әйелі де күдікті болып отырғанын мәлімдеген еді.
«Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстаған болатын. Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған», - деп хабарлайды ІІМ.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Жангелдин ауылында тұратын отбасының жоғалғаны туралы ақпарат былтыр жыл соңында белгілі болды. 25 желтоқсанда жақындары полицияға арызданғаннан кейін іздестіру шаралары басталды. Араға уақыт салып, үй ауласындағы шаруашылық нысанынан ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды.
Марқұмдардың 3 баласы, яғни 35, 30 жастағы қыздары мен 32 жастағы ұлы болған. Ерлі-зайыптылардың балалары 25 желтоқсанда ресми түрде із-түзсіз хабарсыз кеткендердер қатарына енгізілген еді.