$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда сүт пен сары майды пайдаланып, 152 млн теңге жымқырған екі азамат ұзақ уақытқа сотталды

Олар мемлекет беретін жеңіл субсидияны

Көкшетауда сүт пен сары майды пайдаланып, 152 млн теңге жымқырған екі азамат ұзақ уақытқа сотталды
Фото: istockphoto.com

Көкшетауда екі жыл бойы агроөнеркәсіпті дамыту үшін мемлекеттен беретін жеңіл субсидияны қалтасына басқан екі азамат 6 жыл 4 айға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, «МолПродЖарқайың» әлеуметтік корпорацияның директоры А.С. Ефимкина және «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы А.В. Маслов екі жыл бойы ақша жымқырған.

«Олар сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған. Мәселен, «Рассвет» шаруа қожалығында мәлімделген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде «МолПродЖарқайың» ӘКК-не 3 млн келіден астам шикі сүт жеткізгені туралы жалған құжат жасаған. Ал, «МолПродЖарқайың» оны қабылдап алғандай күй танытып, субсидияның ақшасынан ақша аударып отырған», - деп түсіндірді ҚМА-ның ресми өкілі.

Осылайша, субсидияның бір бөлігі ақшаны жасыру мақсатында Ефимкинаның туысының депозиттік шотына аударылған. Кейін бұл қаражатқа ол мобильді ғимарат сатып алып, оны жалға беріп, қосымша табыс тапқан.

«Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік арест қойылды. Сот үкімімен А.В. Маслов пен А.С. Ефимкина 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді», - деп хабарлайды ҚМА.