$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бойжеткен талып жатқанда телефонын ұрлап алған»: Алматы полициясы «ұятсыз» ұрыларды ұстады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары бұл күдіктілер үнемі қорғансыз адамдарды тонайтынын жазған

«Бойжеткен талып жатқанда телефонын ұрлап алған»: Алматы полициясы «ұятсыз» ұрыларды ұстады (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Бірнеше күн Алматыда бойжеткен есінен танып, көшеге құлап қалған еді. Бір топ адам оны құтқаруға ұмтылғанда, «ұятсыз» ұрылар қыздың телефонын қолды еткені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Алматы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласының полиция департаменті ұялы телефон ұрлаған екі адамды ұстады. бұл екі оқиға да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралған. Алматының көшесінде бойжеткен есінен танып құлап қалған кезде, күдіктілер оның ұялы телефонын қолды еткен. Ал, екінші оқиға дәмхана маңындағы төбелеске қатысты. Адамдар топ болып төбелесіп жатқанда күдіктілер біреудің ұялы телефонын қалтасына басқан», - деп хабарлайды Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Криминалды полиция кешенді шаралардың арқасында екі күдіктіні қолға түсіріп, олардың басқа да ұрлықтарға қатысы бар ма, жоқ па деген мәселені тексеріп жатыр.

«Екі оқиғаға да қарасақ, жан-жақты адамдар өзге біреуге көмектесуге тырысып жатқанда күдіктілер арам пиғылдарын іске асырған. Бұл әрекет әрине адамгершілікке жатпайды. Қазір күдіктілер қамауда», - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасын басқарып отырған Асхат Дәулетияров.