ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Алматы облысында жан сақтау бөлімінің меңгерушісі тапшы дәрілерді сатқан

Ол дәрі-дәрмектерден 1 млн 370 мың теңге пайда тапқан

Фото: баспасөз қызметінен

Алматы облысы аудандарының біріндегі аурухананың жан сақтау бөлімінің меңгерушісі халыққа тапшы дәріні сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат түскеннен кейін дәрігер Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды. Жеке тексеру барысында Севофлуран, Цефтриаксон, Меобактрин, Альбунорм, Неоцитотект, Октагам, Архимакс, Меропенем, Годовист және Пропофол сияқты 90 шиша дәрі алынды. Сонымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен қаражаты 1 млн 370 мың теңге болғаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат