$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлемдік жұлдыз қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина туралы жазба жариялады

Ол спортшыға алғыс білдірген 

Әлемдік жұлдыз қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина туралы жазба жариялады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Италияда өтіп жатқан Ақ Олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлемдік жұлдыздардың назарына ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спортшы өзінің еркін бағдарламасына Эндрю Ллойд Уэббердің әйгілі «Sunset Boulevard» мюзикліндегі әнді таңдаған болатын. Аталған мюзиклде басты рөлді сомдап, осы әнді шырқаған атақты әнші, Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Николь Шерзингер отандасымыздың өнеріне жоғары баға берді. 7,3 млн оқырманы бар Николь Шерзингер Instagram парақшасына Софья Самоделкина мұздағы биінен үзіндіні салды.

«Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкинаға Sunset Boulevard әнін таңдап, өнер көрсеткені үшін алғыс айтамын», - деп жылы лебізін білдірді. Спортшы да өз таңданысын жасырмай, әншінің шығармашылығына деген сүйіспеншілігін жеткізді.

Айта кетейік, Италиядағы додада Софья Самоделкина әлемнің ең мықты спортшыларының арасында 10-орынды иеленді. Ол еркін бағдарламада 138.99 ұпай жинап, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 207.46 ұпаймен өзінің жеке рекордын жаңартты.