Астана тұрғыны ауруханаға науқас ретінде келіп, кассасын тонап кеткен (ВИДЕО)
Полиция оны тез арада ұстаған
Астана қаласында полиция қызметкерлері медициналық орталықтың кассасынан ақша ұрлаған 35 жастағы күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның ақпаратына сүйенсек, ер адам медициналық орталыққа науқас ретінде кіріп кеткен.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті медициналық мекемеге науқам ретінде кіріп, әкімші қысқа уақытқа шығып кеткенін пайдаланып, жұмыс үстелінің артында тұрған кассадан ақшаны ұрлап алған. Артынша, еш кедергісіз ғимараттан шығып кеткен», - деп хабарлайды полиция.
Күдікті ұрлап алған ақшасын жеке қажеттілігі үшін жұмсап үлгерген.
«Ер адамның жеке басы бейнебақылау камералары жазбаларын талдау арқылы анықталған. Кейінірек оны қаланың бір ауданындағы полиция қолға түсіріп, тергеу бастаған», - деп хабарлайды полиция.