$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Cақ болыңыздар»: Алматы полициясы бір топ адамға іздеу салды

Сақшылар тұрғындарды атсалысуға шақырды 

«Cақ болыңыздар»: Алматы полициясы бір топ адамға іздеу салды
Фото: almaty_police_department

Полиция департаменті есірткі қылмыстарына қатысы бар күдіктілерді іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органы жариялаған фотопостерлерде жасалған қылмыстарға қатысты ақпарат және азаматтарды полицияға белгілі ақпаратты хабарлауға шақыратын ескерту көрсетілген.

«Мұндай постерлерді жариялау есірткі қылмыстарына қатысы бар тұлғаларды іздеуді тиімдірек ұйымдастыруға бағытталған. Біз қала тұрғындарын сақ болуға және іздеудегі тұлғалар туралы кез келген ақпаратты хабарлауға шақырамыз. Бірлескен әрекет арқылы Алматы көшелерін қауіпсіз ету – басты мақсат. Қылмыс үшін жауапкершілік сөзсіз, және әрбір құқық бұзушы заң аясында табылып, жауапқа тартылады», – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция қызметкерлері постерлерді жариялау есірткі қылмыстарын болдырмауға, халықты ақпараттандыруға және тыйым салынған заттардың таралуын бақылауды күшейтуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.