12.02.2026, 12:52
Оқиғалар
Жер дүмпуі жиі сезілетін Жетісу өңірінде неге ескерту жүйесі жоқ – министрлік жауабы
Мәселе биыл шешілетініне уәде берілді
Фото: iStockphoto
Сейсмикалық аймақта орналасқан Жетісу облысына әлі күнге дейін жер сілкінісі туралы хабарлайтын Mass Alert жүйесі енгізілмеген. Оның қашан іске асатыны туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осы мәселе бойынша жұмыс 2024 жылдан бері қарастырылып келеді. Қазіргі уақытта 11 өңірде Mass Alert жүйесі енгізілген. Қалған өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Жетісу облысын алсақ, жүйені енгізу мәселесі жергілікті атқарушы органмен пысықталып жатыр. 2026 жылы нақты шешім қабылданады», - деді Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасының орынбасары Роллан Есмағамбетов.
Оның сөзінше, мәселе өңірдің қаржылық жағдайына келіп тіреліп тұр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы