11.02.2026, 15:03
Оқиғалар
Семей тұрғыны өзінен он бір жас кіші келіншекті 8 ай бойы бопсалап келген
Ол әйелден 300 мың теңге талап еткен
Фото: © freepik.com / daniel-007
Семей полициясы 27 жастағы келіншекті ұзақ уақыт бойы бопсалаған ер адамды қолға түсіріп, қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, 38 жастағы ер адам 2025 жылдың маусымынан бері 27 жастағы әйелге күш көрсетіп, бопсалап келген. Оның талап еткен сомасы – 300 мың теңге.
«Полиция күдіктіні қолға түсірді. Ер адам кінәсін мойындаған. Ақшаның жартысы әлі ер адамның қолында болған, сондықтан, ол дәлел ретінде іске тіркелді», - деп хабарлайды полиция.
Қазір құқық қорғау органдары «бопсалау» бабы бойынша іс қозғап, күдікті изоляторға қамаған.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді