09.02.2026, 11:15
Оқиғалар
СҚО-да басшылар жұмыс уақытында шетелде жүрген адамдарға жалақы төлеген
19 тұлға жауапкершілікке тартылды
Фото: iStockphoto
СҚО-да орман шаруашылықтарының басшылары 33 адамның еңбек өтілін растау құқығын шектеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лауазымды тұлғалар орман шаруашылықтарының 33 қызметкерімен жасалған еңбек шарттары туралы міндетті мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізбеген. Сонымен қатар, кейбір қызметкерлерге жұмыс орнында болмаса да, шетелде жүрсе да жалақы төлеген.
СҚО прокуратурасы 33 қызметкердің құқығын қалпына келтірді, олардың еңбек шарттары туралы мәліметтер ЕШЕАБЖ-ге толық көлемде енгізілді, азаматтардың өздерінің еңбек қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Негізсіз төленген жалақы сомасы бюджетке өтелді, 19 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 07:24
27 маусымға арналған ауа райы болжамы