09.02.2026, 10:38
Оқиғалар
Жамбыл облысында екі баласын терезеден лақтырып жіберген ана ұсталды
Балалар қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: iStockphoto
Жамбыл облысында 36 жастағы әйел сәбилерін терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, келіншек 2021 жылы туған қызы мен 2023 жылы туған ұлын үйдің терезесінен тастап жіберген. Екі бала дереу Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, реанимацияға жатқызылған.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді ПД.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды