$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда ірі дүкен өртке оранды: төтенше жағдайдың мән-жайы

Өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр

Оралда ірі дүкен өртке оранды: төтенше жағдайдың мән-жайы
Фото: ТЖМ

Орал қаласындағы Шевченко көшесінде орналасқан ірі дүкендердің бірінде өрт шықты. Тілсіз жаумен күреске құтқарушылар жоғары деңгейде жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

7 ақпанға қараған түні «112» пультіне екі қабатты нысандағы өрт туралы хабарлама түскен. Жалын дүкеннің бірінші қабатындағы азық-түлік қоймасынан басталған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жоғары дәрежелі шақырту (ранг) бойынша жедел аттанды.

Құтқару жұмыстары кезінде мамандар бірнеше кедергіге тап болды: көру мүмкіндігі шектеліп, өрт сөндірушілерге қауіп төндірді; қойма ішіндегі тауарлардың тығыз орналасуы жалынның таралуына әсер етті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары кәсібилік танытып, оттың ғимараттың өзге бөліктеріне жайылуына жол бермеді. Өрт қысқа мерзім ішінде толық ауыздықталды. 

 «Жедел жұмыстың арқасында өрт сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.