05.02.2026, 14:13
Оқиғалар
Жетісу облысында қуаты 3 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеме таратты
Фото: istockphoto.com
Бүгін, 5 ақпан күні Астана уақытымен 13:42-де Жетісу облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер дүмпуінің қуаты 3 балл болған. Ал, оның эпиорталығы Алматы қаласынан 284 шақырым жерде орналасқан.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 км жерде тіркелді», - деп хабарлайды ТЖМ.
Жер дүмпуі Жетісу облысы мен Алматы облысының кейбір аудандарында сезілген. Дәлірек айтсақ:
- Жетісу обл. Панфилов ауд. Жаркент қ. 3 б.,63 км
- Жетісу обл. Текелі қ. 3 б.,74 км
- Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы 3 б.,79 км
- Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. 3 б.,84 км
- Жетісу обл. Ескелді ауд. Қарабұлақ кенті 2 б.,95 км
- Жетісу обл. Талдықорған қ. 2 б.,109 км
- Жетісу обл. Көксу ауд. Балпық-Би ауылы 2 б.,117 км
- Алматы обл. Ұйғыр ауд. Чунджа ауылы 2 б.,129 км
- Жетісу обл. Кербұлақ ауд. Сарыөзек ауылы 2 б.,139 км
- Жетісу обл. Қаратал ауд. Үштөбе қ. 2 б.,147 км
- Алматы обл. Ұйғыр ауд. Қырғызсай ауылы 2 б.,151 км
- Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Көкпек ауылы 2 б.,158 км
- Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылы 2 б.,165 км
«Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды