«Жиырма бір адам, 270 том, 9 млрд залал»: Талдықорғанда атышулы істің соты бітті (ВИДЕО)
21 адам 2 жылдан 12 жыл аралығында сотталды
Талдықорған соты бірнеше жыл бойы ұйымдаса отырып, 1385 жүк көлігін Қазақстанда заңсыз тіркеген 21 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Сотталған 21 адам – Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы мен әкімшілік полицияның бұрынғы қызметкерлері.
«Олар бірнеше жыл ішінде Қазақстанға заңсыз келген жүк көліктерін тіркеп отырған. Жалпы, 1385 көлік заңсыз тіркелген. Мемлекетке келген залал 9 млрд теңге», - деп хабарлайды «24KZ».
Сот осы 21 адамға қатысты 270 томдық істі қараған.
«Тек қана Қарасай ауданының бюджетіне 5 млрд 600 млн теңге, Жетісу, Сарқанд аудандарының бюджетіне 3 млрд 787 млн теңге залал келген. Сот 21 адамды 2 жылдан 12 жылға дейін соттады», - деп хабарлайды Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі соты.