$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«7-20-25» арқылы үй алып беремін: астаналықтарды төрт жыл алдаған Instagram-брокер ұзақ уақытқа сотталып кетті

Жалпы, ол 25 адамнан 95 млн теңге алдап алған

«7-20-25» арқылы үй алып беремін: астаналықтарды төрт жыл алдаған Instagram-брокер ұзақ уақытқа сотталып кетті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Астана соты 2021–2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшаларын иемденген 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот күдіктінің кәмелетке толмаған баласының барын ескеріп, оны алты жылға соттады.

«Іс материалдары бойынша сотталған адам «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін деген сылтаумен азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражаттарын алдап отырған. Алайда ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Бұл «брокерге» бас-аяғы 25 адам алданып, 95 м лн теңгесін алып алған», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.

Айтып өткеніміздей, жігіттің жас баласы болған әрі ол кінәсін мойындап, залалдың бір бөлігін өтеп берген. Осыларды ескере сот жігітті алты жылға соттады.