28.01.2026, 10:37
Оқиғалар
Қосшыда бес балалы әйелді азаматтық некедегі күйеуі кішкентай қызымен бірге сабаған
Сот жаза ретінде оған 100 сағат түзету жұмысын кесті
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысындағы Қосшы қаласында көп балалы әке әйелі мен кішкентай қызын сабаған. Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор арнайы құжат толтырып, азаматтық некедегі әйеліне жоламау туралы талап қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға 2025 жылдың қазанында Қосшы қаласында болған. Учаскелік инспектор тексеруге келіп, әйел ғана емес, оның екі жасар қызы да зардап шеккенін анықтады. Сондықтан, ер адамға қатысты әйеліне жоламау туралы қағаз берген. Қылмыстық істі тіркеп, оны тергеп, сотқа жолдады», - деп хабарлайды полиция.
Сот істі қарай келе, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін ер адамды 100 сағат қоғамдық жұмысқа жекті.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр