Жаңаөзенге шетелдіктерді заңсыз кіргізіп отырған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
Олардан сенімхан, шетелдік құжаттар мен байланыс құралдары табылған
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына шетелдіктерді заңсыз кіргізіп отырған қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оларды 19 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері ұстағаны белгілі болып отыр.
«Полиция Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті. Ұсталғандардың таяу шет елдердің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өз қызметтері үшін олар ақшалай сыйақы алып отырған. Тінту барысында күдіктілерден 500-ден астам нотариалдық сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, байланыс құралдары тәркіленді», - деп хабарлайды полиция.
Ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық кодекстің Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.