$ 505.71  591.43  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-ның қазбалы байлықтарын Қытайға өткізген кәсіпкер 1 млрд теңге пайда тапқан (ВИДЕО)

ҚМА оған қатысты тергеуді аяқтады

ШҚО-ның қазбалы байлықтарын Қытайға өткізген кәсіпкер 1 млрд теңге пайда тапқан (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қаржы мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстандағы департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, ол Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында орналасқан «Глинковское» кен орнында компания басшысы пайдалы қатты қазбаларды заңсыз өндіріп, сатқан. Бірақ, ҚМА хабарлап отырғандай, компанияның лицензиясы тек геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ғана құқық берген. 

«Алайда пайдалы қазбаларды өнеркәсіптік көлемде өндіруге рұқсат болмаған. Соған қарамастан, іс жүзінде ол темір құрамды тау жынысын өндіру, оны қайта өңдеу, жинақтау және ішкі нарықта, сондай-ақ Қытай Халық Республикасына өткізген», - деп хабарлайды ҚМА.

Ауыр арнайы техниканы қолдану қоршаған ортаға теріс әсер етіп, жер бедерінің табиғи қалпының бұзылуына және жердің тозуына әкеп соққан, дейді агенттіктің өкілдері. Дереккөзге сүйенсек, заңсыз өндірілген өнімнің жалпы көлемі 70 мың тонна. Ал, қылмыстық табыс сомасы 1 млрд теңгеден асқан.

«Аталған қаражатқа күдіктілер жылжымалы және жылжымайтын мүлік: бизнес-орталық, Алматы қаласындағы пәтер, «LAND ROVER RANGE ROVER» маркалы автокөлік, 2 автотұрақ орны және 2 жер телім сатып алған. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды», - деп хабарлайды ҚМА.