$ 505.71  591.43  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада пневмонияға шалдыққан ер адам 1,7 жылдан бері комадан оянбай жатыр (ВИДЕО)

49 жастағы ер адам ауруханаға өз аяғымен барған көрінеді

Қызылорда қаласының тұрғыны Ержан Әзенов бір жарым жылдан бері комада жатыр. 49 жастағы ер адамның жақындары журналистерге оқиғаның қалай болғанын айтып берген, деп жазады Azattyq Rýhy.

«31 телеарнасының» мәліметіне сүйенсек, науқастың жақындары дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетсе, оның жағдайы бұндай қиын болмас еді дейді.

Комада жатқан ер адамның әйелі Қарлығаш Сақтапбергенованың айтуынша, күйеуі 2024 жылдың жазында өкпесі ауырып, ауруханаға барған. Дәрігерлерге қаралған соң үйден емделемін деп үйіне сұранған. Таксиге мінгеннен кейін жағдайы нашарлаған Әзеновтің жүрегі бірнеше минутқа тоқтап қалған көрінеді. Ауруханаға түскенде ол комаға түскен.

«Ішкі құрылыстары жұмыс істеп тұр дейді. Бірақ, жүрегі соқпаған 10-11 минутта миы істен шығыпты. Ес-түссіз жатқанына бүгін тура 1 жыл 7 ай», - дейді әйел.

Ал аурухананың ақ халаттылары тиісті көмек көрсетілді деп ақталады. Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлсім Бержаппарованың айтуынша, науқаста содан юері еш өзгеріс жоқ.

«Дәрігерлер қарағаннан кейін науқасқа пнемвония диагнозы қойылған. Терапия бөліміне жатқызып, пульмонолог дәрігер қараған. Стандартқа байланысты ем-шаралар тағайындалған», - дейді ол.