Тараздықтардың 100 млн теңгесін жымқырған азамат Ресейге қашып кеткен (ВИДЕО)
Қазақстанның Бас прокуратурасы оны елге экстрадициялады
Екі жыл бойы Тараз қаласының тұрғындарын алдап, олардан 100 млн теңге жинап алған алаяқ Ресейде қашып жүрген жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ол 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
«Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған. Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған. Ол алты азаматтан 100 млн теңге жинап алған», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қазақстанның құзырлы органдары оны былтыр тамызда Ресейде қолға түсіріп, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадициялаған.
«Қазір күдікті қамауда. Бұл қылмысы дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін», - деп хабарлайды Бас прокуратура.