04.01.2026, 15:22
Оқиғалар
Астанада көлік жөндеу орталығы аумағында ірі өрт шықты
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ
Фото: © istockphoto.com
Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында ірі өрт тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт гараж типіндегі ангарда болған
Алдын ала мәліметке сәйкес, гараж үлгісіндегі ангар ішінде автокөлік бөлшектері, ағаш сөрелер мен жеңіл көлік отқа оранған. Өрт қысқа уақытта ұлғайып, құтқарушылар оқиға орнына жоғары шақырту деңгейі бойынша жұмылдырылды.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
120 шаршы метр аумақты шарпыған
ТЖМ мәліметінше, тілсіз жау 120 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру барысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталған, ал 112 желісіне жарақат алғандар туралы хабар түспеген.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды