Жаңа жылдық кештен кейін далаға жейдешең шығып кеткен азамат полицияны аяғынан тік тұрғызды (ВИДЕО)
Оқиға Ақмола облысында болған
Ақмола облысының полициясы әріптестердің Жаңа жылдық кешінен кейін сырт киімін кимей, далаға жейдешең шығып кеткен азаматты екі сағаттан кейін іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түннің бір уағында полицияға қоңырау шалған жақындары ер адам 30 градус аязда далаға сырт киімін кимей шығып, қайтадан дәмханаға кірмегенін айтқан.
«Осы қоңыраудан кейін Бұланды аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша аяғынан тік тұрып, ер адамды іздеуге кірісті. Көп ұзамай жоғалып кеткен азаматтың Щучинск қаласының тұрғыны екені және мерекелік шараға келгені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін ол адасып, белгісіз жаққа кетіп қалған. Полиция екі сағаттан кейін оны шок күйінде көшеден тапты», - деп хабарлайды Ақмола облысының полициясы.