30.12.2025, 10:55
Оқиғалар
«Көктайғақтан автобустар тайғанап жатыр»: Қарағанды-Астана тасжолы жабылды (ВИДЕО)
Облыстың полициясы халыққа ескерту жасады
Фото: скриншот
Бүгін, 30 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, көктайғақ орнады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар қызметі мен әр облыстың полициясы халыққа ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәселен, Қарағанды облысының полициясы тас жолда тайғанап, жол бетінде тұрған автобустардың видеосын жариялаған.
«Ауа райының күрт өзгеруі мен жауын-шашынның күшеюіне байланысты Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды», - деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаменті.
Аталған жағдайға орай, облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қауіпсіздікті сақтау мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшті.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
