$ 504.76  593.8  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда 13 жыл бойы араларынан қыл өтпек екі дос бір телефон үшін соттасты

Достың бірі ұрлыққа барған

Павлодарда 13 жыл бойы араларынан қыл өтпек екі дос бір телефон үшін соттасты
Фото: freepik.com

Павлодар соты өзгенің iPhone 16 Pro Max маркалы телефонын ұрлаған азаматты 1,5 жыл шартты түрде соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жергілікті басылымның жазуынша, сотталып отырған азамат 27 жаста және ол телефонды өзінің 13 жылдан бергі досынан ұрлап алған.

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкіміне сенсек, ұрлық 2025 жылдың шілдесінде болған. Досының үйіне барған ол қаржылық қиын жағдайдан шығу үшін қылмысқа барған.

«Досы ұйықтап қалғанда ол досының құны 810 мың теңге болатын ұялы телефонын алып кеткен. Полиция ұрлық жасаған адамды екі апта өте қолға түсірді. Сотта жауап берген ол телефонды 13 жылдан бергі досынан ұрлап алғанын айтқан», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Досына телефонның құнын өтеп бере алмаған соң судья жігітті 1 жыл 5 айға шартты түрде соттады.

Серіктес жаңалықтары