26.12.2025, 12:43
Оқиғалар
Алматыға шұғыл қонған ұшақтың бір жолаушысы көз жұмды
Алдын ала мәлімет бойынша, ол шетел азаматы
Фото: lufthansa.com
Мюнхеннен Бейжіңге қарай бет алған шетелдік Lufthansa компаниясының ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі, борт ішінде бір әйел адам көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның Көліктегі полиция департаменті хабарлағандай, борт ішінде бір әйелдің жағдайы күрт нашарлаған соң, ұшақ Алматы әуежайына қонған. Әуежайдың дәрігерлері мен оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем әйел адам ұшақ қонбай тұрып көз жұмғанын мәлімдеген.
«Алдын ала болжам бойынша, әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Марқұм шетел азаматы», - деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты